«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША САЛЫНДЫ

Жағабұлақ ауылында 100 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Жалпы ауданы 1048,33 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын.

Жобаның жалпы құны 715 млн 455 мың теңгені құрайды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша бой көтерген ғимараттың құрылыс жұмыстарын «Санжар» ЖШС-і жүргізді.

Бұған дейін ауыл балалары 50 орындық тар және ескі ғимаратта орналасқан. Ауыл тұрғындары жыл сайын мәселе көтеріп, жаңа балабақша салу жөнінде ұсыныстарын білдірген болатын.

Жаңа балабақша ауыл балаларына сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Заманауи жабдықтармен, оқу және ойын аймақтарымен толықтай қамтамасыз етілген. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалған.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМ ХАЛҚЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

admin_mugalzhar

Ұлысты ұйыстырған Ұлттық құрылтай

admin_mugalzhar

Дубай Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

admin_mugalzhar