«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ — БАРШАҒА МІНДЕТ

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-і Ақтөбе филиалы Қандыағаш стансасындағы атқыштар командасы 14 қазан — 14 қараша аралығында Теміржол инфрақұрылымы нысандарында тасымалдау процесінің қауіпсіздігін және күшейту бойынша айлық жариялап, теміржол саласы кызметкерлерімен профилактикалық кездесулер өткізген.

Аталған шараларға «ӘТЖК» ЖШС-і Ақтөбе филиалының басқа да бөлімшелері және Қандыағаш, Жем стансаларындағы атқыштар командалары және Қандыағаш дислокациялық орны бойынша жедел әрекет ету оңтайлы тобы қызметкерлері қатысып, қосымша бақылаумен тексеру жұмыстары белсенді жүргізілген. Айлықтың басты мақсаты — теміржол нысандары мен тасымалдағы жүктердің сақтығын қамтамасыз ету, бөгде тұлғалардың кіруін болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қызметкерлердің қырағылығы мен жауапкершілігін арттыру. Аталған айлық басталғалы теміржолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен, теміржол парктерінде құжатсыз немесе сигналдық кеудешесізжүрген, малдарытеміржолүстіндежүрген, т.б. бұзушылықтаранықталып, көліктегі полиция бөлімі арқылы хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қолданылуда. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мен болдырмау мақсатында теміржолға жақын елдімекендер тұрғындарымен, мекемелер жұмысшыларымен, оқу орындары оқушыларымен профилактикалык кездесулер жүргізілуде. — Теміржол инфрақұрылымы — стратегиялық нысан. Ондағы кез келген тәртіп бұзушылық тек бір мекеме жұмысына емес, жалпы қозғалыс кестесіне, халық пен жүк тасымалына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ жүйесінде жыл сайын күзет, тасымал және қозғалыс кауіпсіздігін арттыру бағытында кешенді іс-шаралар жүргізіледі. Әскерилендірілген күзет қызметінің негізгі міндеті бөгде тұлғалардың нысан аумағына рұқсатсыз кіруін болдырмау, пойыз қозғалысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттердің алдын алу. Көп жағдайда құқық бұзушылықтар азаматтардың немқұрайлылығынан немесе тәртіп ережелерін білмеуінен туындайды. Сол себепті теміржол қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары, ал жолаушылар арасында қауіпсіздік ережелерін насихаттау бағытындағы шаралар тұрақты түрде өткізіледі, — деді Қандыағаш стансасындағы атқыштар командасы басшысы Жасұлан Ақмурзин. Ол қауіпсіздік ережелерін сақтау — тек қызметтік міндет емес, әр адамның азаматтық жауапкершілігі екенін айтады. Айталық, жүк пойыздарының құрамына заңсыз кіру, теміржол рельсі үстінен кесіп өту, жол үстіне бөгде зат тастау — барлығы да әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысына жаңа прокурор тағайындалды

admin_mugalzhar

Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры есебінен емдеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі

admin_mugalzhar

Қазақстандық ауыл тұрғындары бизнесті дамытуға 2,5%-бен несие ала алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.