«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КҮШ ҚОЛДАНСАҢЫЗ — ЖАЗА ҚАТАҢ!

Қазақстанда медициналық мамандарға күш қолданғандарға қатысты қылмыстық жазалар күшейтілетін болды. Бұл жайында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. “Қазіргі Қылмыстық кодекс бойынша жеңіл дене жарақатын салу немесе ұру фактілері үшін 25–50 тәулікке қамау немесе шамамен 200 АЕК (786 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал енді субъект ретінде дәрігер, медбике, санитар немесе жедел жәрдем жүргізушісі сияқты медицина қызметкері болса, жаза үш жылға дейін ұлғаяды, айыппұл 1000 АЕК-ке дейін (3 692 000 теңге) өседі, немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы белгіленеді. Яғни медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыс жасағандар үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтіледі”, – деді депутат Мәжілісте берген сұхбатында.
Денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтірілген жағдайда жаза одан да қатаң болып, кінәлі 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Ұсынылған өзгерістер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруды көздейді.

Ұқсас ақпараттар

ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қалай демалады?

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДА ТОЙ ӨТТІ ДҮБІРЛЕГЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.