«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

Бүгін оқушылардың бойындағы әскери патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында «Жас сарбаз» патриоттық класының ашылу салтанаты өтті.

Шараға аудандық білім бөлімінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Медет Шарипов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мақсат Рятов, ардагерлер, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты.
Шарада оқушылар түрлі қоян-қолтық ұрыстар, әскери жаттығулар көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, қонақтарды шабыттандыра түсті. Сондай-ақ ант қабылдау рәсімі орын алды.
Шара соныңда мектеп директоры Данагүл Ибрашева мен Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мақсат Рятов меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар дәл осы күні осы білім ордасында ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету кабинеті ашылды.

Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамытуды көздейтін кабинеттің ашылуында құттықтау сөздер айтылып, жылы лебіздер білдіріліп, мектеп мұғалімдері ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік басқару академиясы: Жаңа Конституция қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жетілдіреді

admin_mugalzhar

Жұмагүл ҚҰРМАНАЛИНА, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы: ЖЕЛТОҚСАН — МАҒАН РУХ БЕРДІ, ЕРЛІКТІ ҮЙРЕТТІ

admin_mugalzhar

Активтерді қайтару: Президент тапсырмасы бойынша Балқаштағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 млрд теңге бағытталды

admin_mugalzhar