«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде керамогранит және қыш плиталарын өндіретін зауыт ашылды

Индустриалды аймақта орналасқан зауыттың жалпы аумағы — 15 гектар. Кәсіпорын жылына 5 миллион шаршы метр керамогранит және қыш плиталарын өндіреді.

Зауыт директорының орынбасары Ағаділ Жұмаділдің айтуынша, өнім Батыс Қазақстан өңірінің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады.

Өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Кәсіпорын италиялық SACMI компаниясының жоғары технологиялы жабдықтарымен жарақталған, бұл өнім сапасы мен өндірістік тиімділікті айтарлықтай арттырады.

Жобаға жалпы 9,2 млрд теңге инвестиция құйылған. Зауыт жабдықтарын сатып алу үшін мемлекет тарапынан «Өндірісті дамыту қоры» АҚ арқылы 7,5 млн еуро көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

Ұқсас ақпараттар

ТЕРІ АУРУЛАРЫ: СЕБЕБІ МЕН САЛДАРЫ

admin_mugalzhar

ДСҰ-ға қосылу бойынша Қытай мен Өзбекстан арасындағы келіссөзге Астанада нүкте қойылды

admin_mugalzhar

Биыл Ақтөбе облысының 15 ауылына модульді ветеринарлық пункт орнатылады

admin_mugalzhar