АЙНАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ЖЕКЕ БАСТАН БАСТАЛАДЫ, БҰҒАН «КАЗГЕОРУД» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНІМДІ. КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚОЛДАЙ ОТЫРЫП, СЕНБІЛІКТЕРГЕ ҮНЕМІ ШЫҒЫП, ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІН ӨЗ ІСТЕРІМЕН КӨРСЕТІП ЖҮР.
Кеншілер сенбілікті жақсы дәстүрге айналдырған. Акцияларға кеніштің барлық бөлімшелерінің өкілдері кезекпен қатысады. Аптасына бір рет қызметкерлер аумақты тазартып, жас алма және шырша ағаштарын күтеді. Өткен жылы өндірістік алаңға 14 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Бүгінде олардың көбісі жақсы жерсініп, бой алып өсіп кетті. Жақын уақытта жасыл желектер қатары тағы да толықпақ.
«Қазір шырша сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Желтоқсанға дейін қарау алаңының маңына қылқан жапырақты өсімдіктер отырғызуды жоспарлап отырмыз. Осындай көгалдандыру шараларын жыл сайын кезең-кезеңімен өткіземіз», – деді «КазГеоруд» ЖШС-нің экологі Жұмажан Жолдыбаев.
Қызметкерлердің айтуынша, сенбіліктерге қатысу тек тазалық пен тәртіпті сақтауға ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ жұмыс орындарында жайлы, жағымды атмосфера қалыптастыруға көмектеседі.
