«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы өнімге 14 миллиард доллардан 20 миллиард долларға дейін кіріс әкелуі мүмкін»

«Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын өзгерту керек. Бұл істе жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын тиімді қолданған жөн.

Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы әлемдік экономиканың түбегейлі өзгеруіне әкеп соғады. Сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллект 2030 жылға қарай әлемдік ішкі жалпы өнімге 17 триллион доллардан 26 триллион долларға дейін пайда әкеліп, 78 миллион жұмыс орнын аша алады.

Ал Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы өнімге 14 миллиард доллардан 20 миллиард долларға дейін кіріс әкелуі мүмкін. Осындай болжам бар. Бірақ шын мәнінде қалай боларын өмір көрсетеді.

Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек».

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПОДАҚ: АТҚАРЫЛҒАН ДА, АТҚАРЫЛАР ДА ІС КӨП

admin_mugalzhar

1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғанда берілетін төлем ұлғаяды

admin_mugalzhar

Ұлттың болашағы – кісілік

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.