«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Біз бұны халыққа дұрыс түсіндіруіміз керек – Берік Уәли

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесуде Қытайдан келген инвесторлар мен жұмысшыларға қатысты маңызды пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ABAI AQPARAT Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың бірі қонақ үйлердің бәрін қытай азаматтары алып алғанын айтып, сұрақ қойған еді.

Осыған жауап ретінде Берік Уәли: «Аягөзді дамыту керек деп отырсыздар, бірақ кейде инвестицияға қарсы боласыздар. Қытайдан келген инвесторлардан қашуға болмайды. Бүкіл әлем Қытай инвестициясына мұқтаж. Олар біздің жолымызды салуға көмектесіп жатыр. Егер жергілікті мамандар жұмыс істей алса, соларды тартамыз. Қара жұмыс істейтін адамдар да сол жерде жұмысқа тартылуы мүмкін. Қаржы келген жерде халыққа пайда бар», – деді.

Берік Уәли қытай жұмысшыларының заңды түрде қонақ үйлерде тұрғанын, бәрі үшін ақша төлеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол, инвестицияны дұрыс пайдаланып, жергілікті экономиканы дамыту қажеттігін жеткізді.

Бұл инвестиция біздің облыс экономикасына құйылып жатқан қаржы. Қытайдан қорықпаңыздар, олар келіп жұмыс жасап жатыр, қалып қойып жатқан жоқ. Туризм мен сауда арқылы жергілікті кәсіпкерлерге де мүмкіндік ашылады. Біз осыны халыққа дұрыс түсіндіруіміз керек, – деді Берік Уәли.

Облыс басшысы тұрғындарды шетелдік инвесторларға қарсы шықпауға, олардың елдің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін дұрыс түсінуге шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда көмірді онлайн сату жолдары енгізіледі

admin_mugalzhar

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.