«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.

«Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ-ның вагондар паркі толық жаңартылады»,
— деді Нұрлан Сауранбаев.
https://t.me/KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді?

admin_mugalzhar

Мәжіліс Сенаттың әлеуметтік желі мен кибербуллингке қатысты түзетулерімен келісті

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАНДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

admin_mugalzhar