«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Татулық пен келісім: ортақ құндылық, ортақ мақсат

Мен – өз еліме адал қызмет етуді азаматтық борышым деп білемін. Әрбір азаматтың құқығы қорғалған кезде қоғамда
әділдік орнығып, елдің тұтастығы мен бірлігі нығаяды. Елімнің ең қымбат қазынасы – оның байлығы мен табиғи ресурстары ғана емес, ең алдымен еңбекқор, білімді және отансүйгіш халқы.

Менің жеке жетістігім – тек өзімнің ғана
емес, тұтас елімнің дамуына қосқан үлесім. Өйткені әрбір табыс, әрбір ізденіс пен жетістік еліміздің әлеуетін арттырып, болашағын жарқын етуге жол ашады.

Сондықтан, мен өз құқығымды құрметтеп, елімнің байлығын сақтап, еңбегім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға
дайынмын. Елдің болашағы – бүгінгі әрбір азаматтың адалдығы мен еңбегінде. Мен өз елімнің болашағына сенемін және соған үлес қосу үшін бар күшімді жұмсаймын.

Хитрук Қанат, өңірлік «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі

Ұқсас ақпараттар

Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикаяға кастинг жарияланды

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» акциясы және ақтөбеліктер үлесі

admin_mugalzhar

БАЛАЛАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИГІ ДӘСТҮР

admin_mugalzhar