«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Орталық Азияда баршамызға тиімді көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда баршамызға тиімді заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламызды мәлімдеді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда айтты.

– Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін тиісті деңгейде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатыр. Осылайша, біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кірісті. Еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысуда. Мақсатымыз – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу. Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия және басқа да мүдделі мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен күш-жігер арқылы тұтас Еуразия кеңістігінде баршамызға тиімді заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Ұқсас ақпараттар

Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?

admin_mugalzhar

МЕКТЕП АВТОБУСЫ: БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда заң бұзушылықтар үшін жер қойнауын пайдаланушылардан 61 лицензия қайтарып алынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.