«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда.

«Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Саланың стратегиялық дамуы ауқымды құрылыс кезеңімен тығыз байланысты. Елімізде әлемдік деңгейдегі ерекше мұнай-химиялық кешендер салынып жатыр. Атырау облысында полиэтилен зауытының болашақ пиролиз қондырғысының құрылысы 30%-дан астамына орындалды. Павлодарда алкилат шығаратын кәсіпорынның құрылысы басталды.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс

admin_mugalzhar

БОЛАШАҚ МАМАНҒА — БАҒЫТ-БАҒДАР

admin_mugalzhar

Батыл саясат жемісі: тиімді және жүйелі

admin_mugalzhar