«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Азамат ҮРІСТЕМОВ, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы: КӨЗІММЕН КӨРГЕН ЖЕЛТОҚСАН

-1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болған сәтте мен Алматыдағы полиграфиялық училищеде оқып жүрген едім. Алаңда орын алып жатқан жайтты ести бастадық. Ал мен 17 желтоқсан күні алаңға бардым. Алаңда жиналған халықтың көпшілігі студенттер мен жас жұмысшылар болатын. Олардың бар ойы — «қазаққа қазақ басшы болу керек».
Бәріміз ұрандатып, патриоттық ән салып, Қонаевтің қайтып келуін талап еттік. Біраздан кейін жиналған жастарға әскерлер қысым көрсете бастады. «Қазақтар дүкендерді талқандады, балабақшаларды қиратты» деген жалған әңгімелер таратты. Біз тек плакат ұстап, бейбіт түрде шыққан болатынбыз. Бірақ кейін жағдай ушығып кетті. Әскерлер жастарды ұрыпсоғып, ұстап әкете бастады. Мені де ұстап әкетпек болған сәтте екі апай араласып, әскерлердің қолынан мені тартып алды. Сол апайлар үйлерінде біраз тығып ұстап, кешке жақын таксиге отырғызып, училищеме қайтарып жіберді. Училищеге барсам, сол жерде де әскерлер мен милиция тұр екен. Мені бір кабинетке кіргізді. Ішінде орыс майоры отыр. Алдында үйіліп тұрған фотосуреттерге қарап, қатысушыларды іздеп жатыр екен. Маған суреттерді көрсетіп: «Мынаны танисың ба?» – деп сұрады. Мен «жоқ» дедім. Кейбір фотосуреттерде өз таныстарым жүр. Құдайға шүкір, мен ешбір суретте болмадым. Сағаттап ұстап отырды. Біреу суреттен табылса, – бірден алып кетеді. Қайда апарғанын ешкім айтпайтын.
Сол күндері біздің училищеден 15–17 студент алып кетті. Олар туралы ешкім ештеңе айтқан жоқ. Оқиғадан кейін училищеде линейка өтті. Директорымыз Базилов деген қазақ ағай еді. Ол тек қазақша сөйлеп, бізге былай деді: «Көп адамды алып кетті. Қайда кеткенін мен де білмеймін. Балаларым, тыныш жүріңдер, жүйеге қарсы шықпаңдар» деп біздің амандығымызды ойлады. Шынын айту керек, сол кезде қазақтың жас жігіттері мен қыздары ұлт намысын қорғап қалды. Мен солармен мақтанамын!

Ұқсас ақпараттар

В РАЙОНЕ ОТМЕЧАЕТСЯ РОСТ COVID-19

admin_mugalzhar

САҒАШИЛІКТЕР ДЕ ТАҢДАУ ЖАСАУҒА БАРДЫ

admin_mugalzhar

ЕРТЕҢГІ ӘДЕМІ КҮЛКІ — БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.