«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

11 айда 16,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді: жоспар асыра орындалды

Елімізде биылғы 11 айда 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 154,3 мың тұрғын үйді құрайды. Бұл туралы Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясы аясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетуде: орындалған жұмыс көлемі 8,1 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға өсті.

«Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген жоспарлы индикатордан асып түседі, мұнда 2025 жылға арналған меже 15,9 млн шаршы метрді құрайды», — деп атап өтті вице-министр.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА КӨШЕСІНЕ АКАДЕМИК САЙЫМ БАЛМҰХАНОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Цифрлық кеңістіктегі өмірімізді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы — Мәди Мырзағараев

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar