«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Цифрлық кеңістіктегі өмірімізді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы — Мәди Мырзағараев

АСТАНА. KAZINFORM — Цифрлық кеңістіктегі өмірімізді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы. Бұл туралы «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев айтты.

-Қазір шын мәнінде барлығымыз екі кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Бірі шынайы өмір болса, екіншісі — цифрлық кеңістік. Сол цифрлық кеңістікте тілдесеміз, хат алмасасыз, сауда-саттық жасаймыз, фото және бейне материалдарымызды, барлық дерегімізді сақтаймыз. Демек, қазіргі өміріміз қалай дамып келе жатса, цифрлық кеңістіктегі өміріміз одан да қарқынды, жылдам дамып жатыр. Ол жерде барлық дерегіміз, құжаттарымыз, балаларымыздың фото және бейне материалдары болғаннан кейін оны қорғауға алу қажет. Сондықтан қазіргі цифрлық кеңістіктегі өмірді және деректерді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы, — деді ол.

Мәди Мырзағараевтың айтуынша, Конституция жобасының 21-бабында адамның бостандығы, жеке өмірі, оның ішінде цифрлық кеңістегі өмірі толықтай мемлекеттің қорғауында болатындығы жазылған.

Демек, біреу туралы деректерді жинауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға тыйым салынады. Осы норма Конституциялық деңгейде бекітілгеннен кейін тиісті заңнамалық нормалар қабылданады, — деді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

31 том: Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы құжатпен танысты

admin_mugalzhar

Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.