«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРЫҚ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Ақкемер ауылдық округіне қарасты Жарық ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді. Аталған нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және облыстық бюджет пен елге қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

Медициналық пунктің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев және аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Мұғалжар ауданының прокуроры Ерназар Алдияр қатысып, жарықтықтарды қуаныштарымен құттықтады.
Шара басында сөз алған облыс әкімінің орынбасары мемлекетке қайтарылған актифтер есебінен облыс аумағында 12 әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Прокуратурамен бірлескен жұмыс нәтижесінде қомақты қаржы ел қазынасына қайтарылып, ел бойынша әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Әсіресе, шалғайда жатқан ауылдарға көп көңіл бөлінуде. Бұл еліміздің дамуына серпін береді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындарға жағдай жасалады деп ойлаймын, — деді Асылбек Есенбаев.

Жарық ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік пункттің құрылысына 144 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы — 154,70 шаршы метр. Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы негізінде салынып жатқан нысанның құрылыс жұмыстарын «Бабек-Құрылыс» ЖШС-і жүргізген.
Медициналық нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған. Мекемеде емшара, баланы дамыту, медициналық көмек беру, дизенфекциялық ерітінділерді дайындау т.б. бөлмесі бар. Енді ауыл тұрғындары алғашқы медициналық көмектен бастап, ем жүргізу, басқа да медициналық көмек алатын болады.

Медициналық пункттің пайдалануға берілуін үлкен қуанышқа балаған ауыл тұрғындары да ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Ұқсас ақпараттар

АҚСУ АУЫЛЫНА ТЕЛЕМҰНАРА ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

admin_mugalzhar

МАЛ ШЫҒЫНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.