«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олжас Бектенов «Іскер аймақ» бағдарламасы туралы: шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға және үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына мүмкіндік жасаған жөн. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу маңызды іс екенін атап өткім келеді», — деді Олжас Бектенов.

Мәселен, Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті дамытуға 25,5 млрд теңге бөлінді. Бұл жалпы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылмаған, қала үшін неғұрлым басым бағыттардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік берді.

Табысты мысалдардың бірі ретінде қалада жылдық 6%-ға дейін жеңілдікті несиелер беру арқылы шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту ісін айтуға болады.

Осы оң тәжірибені бүкіл еліміз бойынша кеңінен тарату қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, Үкіметте «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыру тетіктері айқындалды.

Қаржы министрлігіне Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды, бұл ретте Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет. Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Жапония Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі

admin_mugalzhar

Бүгін – Көрісу күні

admin_mugalzhar

ӨНДІРІС ОРНЫ КОЛЛЕДЖГЕ МЕТОДИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.