«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді

Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда.

«Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық 217 жаңа форматты мектеп салынуда. Бұл жоба арқылы 69 үшауысымды, 22 апаттық мектеп және 100-ден астам мектепте орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Жалпы 2025 жылы 214 мың оқушы орнына арналған 141 мектептің құрылысы аяқталды», — деді спикер.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Алдағы үш жылда 20 жаңа мектеп салынады

admin_mugalzhar

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап автогаз бағасы қымбаттайды

admin_mugalzhar

Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.