«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

154 БАЛА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ЖІБЕРІЛДІ

Мұғалжар аудандық ауруханасында мүгедектігі бар және диспансерлік есепте тұрған балалар оңалту орындарына жіберілуде. Бұл туралы аталған аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров айтты.

Оның сөзінше, бүгінде ауруханада мүгедектігі бар 240 бала диспансерлікесепте тіркеуде тұр. Бұл балаларғаміндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті алуға мүмкіндік беріледі.

МӘМС жүйесі енгізілгелі балаларды медициналық оңалту бағыты қарқынды дамып келеді. Балалар оңалту тегін жүргізіледі. Осы жылы аудан бойынша мүгедектігі бар және диспансерлік кезекте тұрған 154 бала өздерінің уақыты бойынша оңалтуға жолданады. Атап айтатын болсақ, түрлі диагноз бойынша 9 бала Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына, 39 бала «Дару» медициналық оңалту орталығына, 40 бала «Аяла» балаларды оңалту орталығына, 55 бала «Ақбөбек» оңалту орталығына, 5 бала Ақтөбе медициналық орталығына, 2 бала Алматы қаласында орналасқан Хирургия институтына, 1 бала «University Medical Center» корпоративтік қорына, 1 бала Қазақ ұлттық медицина университетіне, 2 бала «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығына жіберіледі, — деді Айбек Сағынғалиұлы.

Сонымен бірге балаларды туберкулез ауруынан сақтау үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы жылы 12 бала облыстық туберкулезге қарсы санаториялық мектеп-интернатына жіберілсе, 15 балаҚандыағаш қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасының «Балбұлақ» санаториялық тобына жіберілмек.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ ХАЛЫҚ ДАУСЫ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы АЭС салу: Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс немесе экологиялық тәуекел

admin_mugalzhar

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.