«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫНЫҢ МӘНІ ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты көлемді сұхбаты жарық көрді. Президент өз сұхбатында саяси реформалар, жасанды интеллект, ұлттық экономика, әлеуметтік салаларға кеңінен тоқталды.
Келелі сұхбатта қазақ халқының басты проблемалары бүкпесіз талқыланды. Көпшілікке жағатын тұсы да осы. Ғылым-білім, жасанды интелект туралы көбірек ойлануымыз керек деді, Президент өз сөзінде. Мақалада сондай ақ, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Атом станциясының құрылысы және Қаңтар қасіреті секілді өзекті тақырыптар көтерілді.
Еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылып, өмірге байсалды, байыпты қарасақ деймін. Бар күш-жігерімізді бірлік пен тірлікке жұмсайық. Сонда ғана Президент айтып отырған айрықша жылға өз үлесімізді қосамыз. Сұхбат барысында айтылған көп дүниелер әрқайсымызға сабақ болуы тиіс. Өскелең ұрпақты татулыққа, тірлікке, бірлікке тәрбиелеу жолында өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.
Аманкелді Шунимов, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызметтің ардагері.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕР ҰСТАЗ ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

АЛИХАН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ: 87 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӨТІНІМ БЕРГЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.