«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Күні кеше Қандыағаш қаласы әкімінің сайлауы өткен еді. Аталған сайлауға қала бойынша жалпы саны 3997 сайлаушы қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесі бойынша 2092 дауыс жинаған өзін өзі ұсынушы Данияр Шерниязов жеңіске жетіп, Қандыағаш қаласының әкімі болып сайланды. Бұл туралы Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
Данияр Каденұлы 1988 жылы дүниеге келген. Ол осы уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Мұғалжар аудандық филиалының кеңесшісі қызметін атқарған.
Ал сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен түскен Қанат Мусин 1500 дауыс жинаса, Нұрсұлтан Тайтақов 122 дауыс жинады.
-Сайлау заң талаптарына сай өтті. Қандыағаш қаласы бойынша сайлаушылар саны – 21648 азамат. Ал сайлау учаскесіне келіп дауыс бергендер саны – 3997 адам. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 239, «Бәріне қарсымын» деген жолға 44 адам белгі қойған, — деді Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Дәрімбетов.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕР ҰСТАЗ «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ- КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

admin_mugalzhar

ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.