«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан және машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттардың кең ауқымын қамтиды.

Жаңа өндірістердің іске қосылуы экономиканы әртараптандыруға, өңірлерді дамытуға және елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуға маңызды үлес болды. Жүзеге асырылған жобалар 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді, бұл одан әрі экономикалық өсу үшін берік негіз қалыптастырады.

primeminister.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

admin_mugalzhar

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯ: ӘДІЛ САЛЫҚ САЛУҒА – МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar