Қоғам дамуының әр кезеңінде ел тағдырын айқындайтын, тарихи бағыт-бағдарды белгілейтін ерекше алаңдар болады. Ол – жай ғана жиналыс емес, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдер тоғысатын, билік пен халық арасындағы жауапкершілік көпіріне айналатын кеңістік. Қазақстан үшін кейінгі жылдары дәл осындай маңызға ие институт – Ұлттық құрылтай.
Елдің болашағы — білім, мәдениет, әділеттілік, қауіпсіздік және тең мүмкіндік арқылы құрылады. Ал Ұлттық құрылтай – осы үдерістің жүрегі, қоғамдық сұранысты нақты іс-қимылға айналдыратын күш. Сөзден іске өту, идеядан шешімге жету – дәл осы құрылтайдың миссиясы.
Президент Тәуелсіздік, Республика, Бірлік мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры екенін дөп басып айтты. Біз бұл ұғымдарға ерекше мән беруіміз керек. Әр азаматтың жүрегіне ұялайтын басты құндылығымыз да осы. Оны көздің қарашығындай сақтаймыз десек, мықты ұлт, іргелі мемлекет құруға күш салуымыз қажет.
Аманкелді Шунимов, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы.
