«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 15 ЖЫЛДА 403 МАМАН ЖҰМЫСҚА ТҰРДЫ

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының мақсаты — шалғайда жатқан елді мекендердің бойына қан жүгірту. Бүгінде бұл мақсат үдесінен шығып жатқан секілді. Себебі, қолына дипломын алып, ат басын ауылға бұрған жастарымыз сол ауылға өзінің мамандығымен қатар, жаңа леп беруде.  
Оған аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаровтың берген мәліметі дәлел.

Оның сөзінше, бағдарлама бастау алған 2009 жылдан бері аудан бойынша 403 маман мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, 64 млн 542 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған. Ал 119 маман бюджеттік несие алып, тұрғын үймен қамтылған. Тұрғын үй алуға жұмсалған қаржының көлемі — 290 млн  461, 8 мың теңге.
Бұл бағдарлама биыл да жалғасын тауып, қаржылық жоспарға сәйкес тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 22 млн 152,0 мың теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінген.
2023 жылы көтерме жәрдемақы алуға жергі-лікті бюджеттен 7 млн 384 мың теңге бөлініп, 18 маманға  өтініш негізінде аударылды. Атап айтатын болсақ, білім беру саласы бойынша 14 маман, мәдениет саласы бойынша 2 маман, ветеринария саласы бойынша 2 маман көтерме жәрдемақы алды. Ал бюджеттік несиеге жоспар бойынша 3 маманға 22 152,0 мың теңге қаражат бөлінді. Өткен жылы ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ретінде бюджеттік кредит сомасы 1500 АЕК-тен 2000-АЕК ке өзгерген болатын. Ал 2024 жылға көтерме жәрдемақы жоспар бойынша 20 маманға 7 млн 384 мың теңге қаражат бөлінді, — деді бөлім басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған бағдарламамен ауылдық елді мекендерге баруға ниет білдірген жас мамандар көтерме жәрдемақы алу үшін 3 жыл мерзімге, тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік көмек бюджеттік несие 15 жыл мерзімге беріледі. Үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредиттің пайыздық өсімі 0,01 пайызды құрайды.
Тағы бір ескеретін жайт, аталған бағдарлама Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларына жүзеге асырылмайды.

Ұқсас ақпараттар

Чехия компаниясының басшысы атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарларын айтты

admin_mugalzhar

Жарасымды жамағаттың діні көркем

admin_mugalzhar

73 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚТА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.