«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр. Жиында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эльвира Азимова жұмыс тобының мүшелерінен бөлек, азаматтардан екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті.

«Кеңейтілген құрамдағы Конституциялық комиссияның құрылуы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың қисынды жалғасы, сондай-ақ бірнеше айға ұласқан пікірталастар барысында қалыптасқан ауқымды қоғамдық сұранысқа берілген жауап болды. Президент ұсынған мемлекеттік билікті бір палаталы Парламентке – Құрылтайға өткізу, Халық кеңесін құру, Вице-Президент лауазымын енгізу және басқа да мәселелер жан-жақты әрі кешенді түрде зерделеп, пысықтауды қажет етеді», деді Э.Азимова.

Оның айтуынша, Қазақстан саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып жатыр.

«Мемлекет басшысы әрі қарайғы дамудың институционалдық тепе-теңдікті нығайту, заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыру, тежемелік тепе-теңдік жүйесін күшейту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық механизмдерді жаңарту арқылы ғана мүмкін екенін айқын атап көрсетті», деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

admin_mugalzhar

Энергетика жүйесін жаңғырту – экономикалық тұрақтылық кепілі

admin_mugalzhar

ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒА БІЛГЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.