«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстарды талқылауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыстың модераторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Азимова Комиссияға 2 000-нан астам ұсыныс келіп түскенін, олардың барлығы біртұтас Жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық өзгерістердің қоғамдық маңызын және реформаға деген жоғары қызығушылықты айқын көрсетеді.

«Мұндай диалог форматы реформаның негізгі қағидатын көрсетеді: конституциялық реформа ең алдымен халықтың мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүргізіледі», деді Эльвира Азимова.
Отырыс аясында үш негізгі спикердің баяндамалары тыңдалады – Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева. Олар 2025 жылдың қазан айынан бастап түскен ұсыныстар негізінде әзірленген құқықтық тәсілдер мен түзетулерді ұсынады.

Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы 2026 жылғы 24 қаңтарда өтті. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етті. Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.

Айта кетейік, іс-шара consot_kz, constcouncil.kz ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

«KEGOC» АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛМАҚ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ТҮЛЕКТЕРДІ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.