Бүгін «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының өкілдері келді. Делегация өкілдерінің қатысумен аудандық мәдениет үйінде кездесу өтті.
Делегация алдымен арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, ауданның жеке кәсіпкерлерімен танысты. Көрмеде қолөнердің әр түрлі түрлері ұсынылды. Атап айтатын болсақ, қолдан тігілген этностильдегі киімдер, түрлі қолөнер бұйымдары, көрпе-төсек, ойыншықтар, сондай-ақ жартылай дайын тағамдар, тәтті бәліштер мен ұлттық тағамдар қойылды. Кәсіпкерлер өз өнімдерінің қа-лай жасалатынын егжей-тегжейлі көрсетіп, келушілерге дәм таттырып, өндіріс процесімен таныстырды. Сондай-ақ көрмеде кәсіпкерліктің әртүрлі бағыттары — азық-түлік, қолөнер, тігін және басқа да өндірістер таныстырылып, әйелдерге кәсіпті дамытуда жаңа идеялар мен тәжірибелік кеңестер ұсынылды.
Көрмені тамашалағаннан кейін делегация өкіл-дері мен жергілікті әйелдер арасында арнайы ұйымдастырылған еркін форматтағы кездесуге қатысты. Жиынды Салтанат Сұлтанова ашып, қонақтарды таныстырып, оларға сөз кезегін берді. Кездесудің модераторы, «AMA-NAT» партиясы Әйелдер қанатының Ақтөбе облысы бойынша ауыл әйелдерімен жұмыс жөніндегі төрайымы Бану Тлегенова шараның маңыздылығын айтып, әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға арналған іс-шаралардың мәнін түсіндірді.
Сонымен бірге «AMANAT» пар-тиясы Ақтөбе облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы рөліне, әлеуметтік белсенділікті арттыруға, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған жұмыстарға тоқталды. Ол өз сөзінде әйелдердің экономикалық тәуел-сіздігі мен кәсіби дамуының маңыздылығын атап, осындай кездесулер олардың әлеуетін кеңейтетінін жеткізді.
Жиын барысында «AMANAT» партиясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Жанна Умарова тұрғындардың көкейінде жүрген проблемалық қарыздарды реттеу жолдары туралы баяндама жасады. Ол тұрғындарға несие алу, төлемдерді дұрыс басқару және қарызды қысқарту жолдары туралы нақты кеңестер беріп, сұрақтарына жауап берді. Депутат Нұржамал Күленкеева цифрлық зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталып, интернеттегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі алаяқтық және онлайн қауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндіріп берді. Оның баяндамасы әйелдер мен жасөспірімдер үшін маңызды ақпарат көзі болды.
«Өрлеу» кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, магистр Болат Бұхарбаев қаржылық сауаттылық тақырыбын қозғап, жеке және отбасылық бюджетті тиімді басқару, шығын мен кірісті жоспарлау, инвестиция және жинақ салу мәселелері бойынша тәжірибелік кеңестер берді. Оның кеңестері қатысушыларға өз қаржысын дұрыс басқаруға септігін тигізері сөзсіз. Мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жөніндегі басқарманың кредит маманы Анель Косумова ауыл әйелдеріне арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін таныстырып, несие алу шарттарын түсіндірді, сондай-ақ шағын бизнес ашуға және дамытуға бағытталған қолдау тетіктерін атап өтті.
Сонымен қатар Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық істер жөніндегі орынбасары Махаббат Ғалымжанқызы жасанды интеллекттің білім беру, кәсіп-керлік және күнделікті өмірдегі қолдану бағыттарына шолу жасап, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетті. Ол жасанды интеллекттің оқушылар мен студенттердің білім алуына, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге, сонымен қатар өмірдің әр саласында жаңа шешімдер қабылдауға қаншалықты ықпал ететінін айтты.
Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Наурызбек Сарбасов та сөз сөйлеп, кәсіпкерлік саласындағы өз тә-жірибесімен бөлісті. Ол шағын және орта бизнесті бастауға қатысты нақты мысалдар кел-тіріп, алғашқы қадамдарда кездесетін қиындықтар мен оларды еңсеру жолдарын айтып берді. Сонымен бірге ол әйелдерді кәсіпкерлікке белсенді араласып, өз кәсіби дағдыларын дамытуға шақырды, жаңа бизнес бастау үшін қажетті білім мен тәжірибені алу мүмкіндік-терін атап өтті.
Кездесу қорытындысында қа-тысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, жергілікті әйелдер өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тікелей делегация өкілдеріне жеткізді. Шара нәтижесінде қатысушылар әлеуметтік, экономикалық және білім бе-ру бағытындағы жаңа мүмкіндіктер-ді танып, өз кәсіптік және жеке даму жоспарларын нақ-тылауға мүмкіндік алды.
Шара соңында сөз алған «Қамқор» орталығының басшысы Салтанат Сұлтанова әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға, кәсіпкерлік және білім беру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өтті.

