«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Халық кеңесінің өкілеттігі жарияланды – Конституциялық комиссия

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Халық кеңесінің құрамы мен туралы айтты. 

Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың орнын басады.

70-баптың ұсынылған нұсқасына сәйкес, Халық кеңесі Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады.

Пономарев атап өткендей, Халық кеңесін құру, оның өкілеттіктері және қызметін ұйымдастыру жеке конституциялық заңмен анықталады.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Халық кеңесінің құрамына Қазақстан азаматтары кіреді. Оның арасында 42 мүшесі елдегі этностардың өкілдерінен, тағы 42-сі қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өңірлердегі мәслихаттардан 42 өкіл болады. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі жағдайды ескеруге мүмкіндік береді.

Халық кеңесінің өкілеттігі 71-бапта көрсетілген.

– мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті және ынтымақтастықты нығайту;

– Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттары мен ұлттық құндылықтарды насихаттау;

– заң жобаларын Құрылтайға ұсыну;

– республикалық референдум өткізуге бастамашылық жасау.

 

Ұқсас ақпараттар

Тәжікстандық ОСК басшысы: «Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған»

admin_mugalzhar

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған

admin_mugalzhar

Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті

admin_mugalzhar