«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Адвокатураның құқықтық мәртебесі Конституцияда алғаш рет бекітіледі

Жаңа Конституцияның жобасында сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлім етті.

— Сегізінші «Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деген келесі бөлімге сот билігіне, прокуратура органдарына, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, адвокаттарға және заң көмегін көрсететін өзге тұлғаларға қатысты ережелер енді. Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, сот төрелігінің конституциялық қағидаттары күшейтілді, судьялардың тәуелсіздігі нығайды, сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді, — деді Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституцияның жобасын таныстыру кезінде.

Сонымен қатар ол адвокатураның құқықтық мәртебесі Конституцияда алғаш рет бекітілгенін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ маусымы аяқталды

admin_mugalzhar