Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тек бір палаталы Парламент құру шеңберінде емес, мемлекеттік басқару жүйесіне де байланысты Конституцияның көптеген баптарын өзгертуге тура келетінін айтты. Өйткені отандастарымыздың жолдаған екі мыңнан аса ұсынысы жарты жылдан бері қаралып, мәресіне жеткен екен. Ата Заңды жаңалаумен айналысатын Конституциялық комиссия құрылып, өз жұмысын бастап, жаңа жобаның алғашқы нұсқасын жариялап та үлгерді.
Ата Заңның мазмұны жаңа ұлттық құндылықтар мен заман талаптарына негізделген. Яғни, Конституциялық құрылыс мақсаты, қағидаттары, себептері, қоғам мен мемлекеттің даму бағыты, қоғамдық бағдарды айқындайтын биліктің миссиясы, тарихи, мәдени, отбасы және ұлттық құндылықтарға бағытталды.
Ерғали Сәрсенғали, белсенді жас.

