«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 30 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады деп отыр.

«Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 31 тамыз бен 1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстанның батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Температуралық фонға келер болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі, күндіз еліміздің басым бөлігінде термометрлер 25-35 градусқа дейін, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді», — деп «Қазгидромет» қызметкерлері.

Ұқсас ақпараттар

Жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

admin_mugalzhar

«Заң және Тәртіп» қағидаты маңызды жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді – сауалнама

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar