«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Еркебұлан Еркебұланұлы Қаниев тағайындалды.

Еркебұлан Қаниев 1988 жылғы 4 қарашада Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006-2013 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Құқықтану», 2015-2017 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2010-2018 жылдары аралығында «ҚТЖ» АҚ Ақтөбе локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі, тепловоз машинисі, кейінірек локомотив диспетчері болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінде штаттан тыс маман-хатшы, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімдігінің бас маманы, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-де тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2024-2025 жылдары
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» ММ-де ойын бизнесі және лотерея қызметі басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің аппараты» ММ-де ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы, Бурабай аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

Н.БОЛАТБАЕВ: ОБЪЕКТИВНО РАССМОТРИМ ТАРИФЫ НА 2021-2025 ГОДЫ

admin_mugalzhar

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.