«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ — БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Балаларды қорғау күні қарсаңында Ащысай ауылында мейірім мен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналған игі шара өтті.

Бұған дейін «AMANAT» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жұматай Бисенов пен аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетовтің ауыл тұрғындарымен өткізген жеке қабылдауында жергілікті тұрғын қызына мүгедектік арбасын алып беруге көмек көрсетуді сұраған болатын. Өтініш назардан тыс қалмай, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында демеушілердің қолдауымен ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршінге арнайы мүгедектік арба мен мерекелік сыйлықтар табысталды. Бұл қуанышты сәт отбасы үшін үлкен қолдау болып, олардың жүздеріне шаттық сыйлады.

Отбасы мүшелері көрсетілген қамқорлық пен жанашырлық үшін ұйымдастырушылар мен демеушілерге шынайы ризашылықтарын білдірді.

Балалар – қоғамның ең асыл байлығы, елдің жарқын болашағы. Әрбір баланың бақытты балалық шаққа, қамқорлық пен мейірімге бөленуге толық құқығы бар. Осындай игі бастамалар қоғамдағы өзара қолдау мен адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындай түседі.

Ұқсас ақпараттар

Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі

admin_mugalzhar

Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды

admin_mugalzhar

«Жастар практикасы» аясында 33,3 мың адам жұмысқа орналасты

admin_mugalzhar