«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылау мақсатында облыстық мәслихат депутаттары Марат Қойлыбаев пен Сергей Вишняктың қатысуымен этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар өкілдеріне арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты қарастырылып, оның елдің тұрақты дамуы, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен мазмұнын халық арасында кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлері ортаға салды.

Ұқсас ақпараттар

Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ КӨП МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТАДЫ

admin_mugalzhar

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

admin_mugalzhar