«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Сейсенбіде Қандыағаш қаласында аудандық ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сағынадин Салықбаев, аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияны Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шамшат Әбдірзақов жүргізді.

Конференцияның алғашқы күн тәртібіндегі басты мәселе — «2021–2026 жылдар аралығында аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы туралы есеп» болды. Төраға Шамшат Әбдірзақов баяндамасында ардагерлердің әлеуметтік жағдайын қолдау, жастарға патриоттық тәрбие бе-ру, тарихи-мәдени сабақтастықты ұйымдастыру, қайырымдылық және қоғамдық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу бағытындағы жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ мектептерде тәлімгерлік кездесулер өткізу, ауылдық округтерде ардагерлер клубтары мен бастауыш ұйымдарды дамыту, қоғамда бірлікті нығайтуға бағытталған түрлі жобалар мен бастамалар туралы мәлімет берді.

Конференция қатысушылары баяндаманы мұқият тыңдап, өз пікірлерін білдіріп, жазбаша ұсыныстар жасады. Жарыссөзде сөз алғандар ардагерлер-дің қоғамдағы орны мен рөлі, жастармен сабақтастықты кү-шейту, қоғамдық тәртіпті сақтау және әлеуметтік қолдауды дамыту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Олардың қатарында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов және Аманжол Адаев, Нағашыбай Аленов, Нұрлыгүл Темірбаева, Құрал Байсұлтанов болды. Барлық ұсыныстар тыңдалып, тиісті қаулыға енгізілді.
Конференция барысында ау-дандық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы 25 адамнан бекі-тілді. Сонымен қатар үш адамнан тұратын тексеру комиссиясы құрылып, оның құрамына Роза Мүсенова, Жұмагүл Асабаева және Жетпісқали Ізбасаров енді. Ақтөбе облыстық ардагерлер ұйымының конференциясына ауданнан алты делегат сайланды. Олардың қатарында облыстық және аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, мемлекеттік қызмет ардагерлері, ардагер дәрі-герлер мен ауылдық округтің бастауыш ардагерлер кеңе-сінің төрағасы бар.
Конференциядан кейін өткен алғашқы ұйымдастыру пленумында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қайтадан Шамшат Әбдірзақов сайланды. Кеңес төрағасының орынбасары қызметіне Ізтұрған Ешниязов бекітіліп, тоғыз адамнан тұратын төралқа құрамына Аманжол Адаев, Ізтұрған Ешниязов, Нұр-лыгүл Темірбаева, Жайық Әміржанов, Роза Мүсенова, Жетпісқали Ізбасаров, Асқар Бұхарбаев, Қарасай Омаров және Шамшат Әбдірзақов енді.
Тексеру комиссиясының отырысында комиссия төрағасы болып Роза Мүсенова сайланды. Комиссия мүшелері өз міндеттерін орындауға дайын екендіктерін растады және алдағы уақытта кеңестің жұмысына бақылау жүргізу мен есептерді тексеру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруға уәде берді.
Жиын барысында ардагерлер ұйымының қоғамдағы рөлі мен жастар тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ұрпақ сабақтастығын сақтау мәселелері ерекше атап өтілді. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау, патриоттық іс-шаралар, қайырымдылық пен қоғамдық жобаларды тұрақты жүргізу алдағы міндет ретінде нақтыланды.
Мұғалжар аудандық ардагерлер ұйымының жаңа құра-мы алдағы кезеңде белсенді жұмыс жүргізіп, ауданның қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқаруға дайын екендігін көрсетті. Барлық пленум, президиум және тексеру комиссиясының отырыстары күн тәр-тібіндегі мәселелердің толық қаралуымен аяқталды.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Аудан тұрғындарының назарына!

admin_mugalzhar

Kaspi.kz, Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі анықтама алу сервисін іске қосты

admin_mugalzhar

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.