«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституциялық реформа: Сенаторлар өңірлерге барады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, онда күн тәртібіне шығарылған заңдар қаралып, Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамы жаңартылды. Сондай-ақ іс-шара соңында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.

Палаталардың бірлескен комиссиясы құрылды

Отырыс барысында палата спикері 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында сенаторлар халықпен кездесіп, азаматтарға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге баратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осыған орай депу­таттар конституциялық рефор­малардың мәнін халыққа түсін­діру үшін өңірлерге барады. Кезде­сулерде халықпен ашық диалог құрып, конституциялық өзгерістер Президентіміздің саяси бағдарының жүйелі жалғасы әрі «Әділетті Қазақ­стан» тұжырымдамасының инсти­туционалдық негізі екеніне баса мән беру қажет. Қолға алынған бастамаларды азаматтардың дұрыс түсініп, қабылдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі», деді М.Әшімбаев.

Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойын­ша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын бекітті. Осылайша, комиссияның бұрын бекітілген құрамына Сенаттан Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Советбек Медебаев қосылды. Ал бұған дейін палата атынан аталған құрам мүшесі болған Наурызбай Байқадамов жаңа лауазымға тағайындалуына бай­ланыс­ты комиссиядан шыққан еді.

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе – «Қазақстан Республи­касы­ның Үкіметі мен Қытай Халық Рес­публи­касының Үкіметі арасын­дағы жаңар­тылатын энергия көздері саласындағы жобалар­ды іске асыру туралы келі­сімді рати­фи­ка­ция­лау туралы» заң. Іс-шара­да бұл жо­ба­ларды іске асыру энергети­ка­лық қ­ауіпсіздікті қамта­масыз етуге, «жасыл» технологияларды ен­гізуге және парниктік газдар шығарын­ды­ларын азайтуға ықпал ететіні айтылды.

«Қаралған заң еліміздің аумағында жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобаларды ілгерілету үшін әзірленген. Осы мақсатпен келісім аясында ірі жобаларды іске асырудың негізгі шарттары мен тәртібі анықталып отыр. Мақұлданған заң жаңартылған энергия көздерінен алынатын энергияның үлесін арттыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және зиянды қалдықтардың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы.

Келісім аясында Қарағанды, Түр­кістан, Павлодар облыстарында жел және күн электр стансаларын салу көзделген. Әр нысан энергия өндірумен қатар оны жинақтауға арналған инфрақұрылымды қамтитын жоғары технологиялық кешен ретінде құрылмақ. Ынтымақ­тастықтың ма­ңызды шарты – ұзақмерзімді тұрақтылық: яғни аталған жобалар аясында электр энергиясын сатып алу жөніндегі шарттар 25 жылға есептелген.

Туризм саласы қолдауға зәру

Сонымен қатар отырыста туризм және балалар спорты мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер де қаралды. Сенаторлар мақұлдаған «Қазақ­­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мемлекеттің стратегиялық басым­дық­тары – ұлттық экономиканы әр­­тараптандыруды және адам капи­­талын дамытуды іске асыруға арналған. Бұл ретте сөз туристік саланы және балалар-жасөспірімдер спор­тын дамыту үшін ұзақмерзімді құ­­қықтық база қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық өсу, әлеуметтік даму және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау туралы болып отырғанын атап өткен жөн.

«Қаралған заң туристік саланы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауды реттейтін заңна­маны одан әрі жетілдіруге бағыт­талған. Туризм саласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін қолданыстағы нормаларды жаңарту және жаңа тетіктер енгізу көзделіп отыр. Мақұлданған заң туризм саласын экономиканың басым бағыттарының біріне айналдыруға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

­тен тыс қаражатты жұмсаудың ашық­­тығын қамтамасыз ету үшін спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператордың қаржылық есептілігінің міндетті жыл сайынғы аудиті бойынша норма енгізілді.

Сондай-ақ балалар-жасөс­пірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) мәртебесі қосымша білім беру ұйымы ретінде бекітіліп, жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен мемлекеттік тапсырыстың бірыңғай қағидалары қарастырылды. Деректерді есепке алу мен талдау үшін дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы құрылады. Осыған байланысты мемлекеттік спорт ұйым­дарының деректерді цифрлық платформаға беру міндеті белгіленді.

Жедел ақпарат беру орталығы қажет

Палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын да жолдады. Депутат Жанна Асанова өз сауалында стационарлық көмек көрсету барысында, әсіресе төтенше жағдай кезінде пациенттердің туыстарын хабардар етудің тұрақты тетігінің болмауы проб­лемасына назар аударды.
Өтеусіз донорлар үшін тегін тамақтанудың ақшалай баламасының мөлшері 0,25 АЕК деңгейінде белгіленген және бағаның өскені мен әлеуметтік-экономикалық ахуал өзгерген жағдайда да жылдар бойы қайта қаралмаған. Шын мәнінде, бұл тетік ынталандыру міндетін жоғалтып, көрсеткіш белгі сипатына ие болды. Халықаралық тәжірибе донорлықты кешенді ынта­ландырудың тиімділігін нақты­лап отыр: бірқатар елде тамақ­­тану мен жұмсалған уақыттың кешенді өтемақысы, сондай-ақ моральдық көтермелеу мен қоғамдық тану қолда­нылады», деді сенатор.

Депутаттық сауалда қан қызметі қызметкерлерінің кадр тапшылығы мен жұмыстан шаршауы, сондай-ақ медицина мамандарының біліктілік санаттарын беру мен қалпына келтірудің қолданыстағы тәртібі мәселелері көтерілді. Сенатор қолданыстағы ережелер тәжірибелі қызметкерлерді бұрын расталған біліктілік деңгейін қалпына келтіру мүмкіндігінен айыратынын, бұл ынта-ықыласты төмендететінін және мемлекеттік денсау­лық сақтау жүйесінен кадрлар­дың кетуін күшейтетінін атап өтті.
Сонымен қатар отырыста сенатор Әлібек Нәутиев өз сауалында бірқатар ауылда «Қазпошта» қызметтерінің тоқтауына алаңдаушылық білдір­ді. Мұндай шешімге оператор қызмет­терін қаржыландыру мәсе­лелері себеп болып отыр.

Ал депутат Жанболат Жөргенбаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жерасты суларының мониторингін жетілдіру мәселелерін көтеріп, тиісті бастамалар топтамасын ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында былтыр 33 жаңа білім беру нысаны салынды

admin_mugalzhar

МАЛИКАНЫҢ МУЗЫКА ӘЛЕМІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.