«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мұғалжар ауданы бойынша коалиция мүшелері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның мамандарымен кездесіп, қабылданатын жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Жаңа Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Қатысушыларға жаңа Конституция жобасы – ел дамуының келесі кезеңіне жасалған маңызды қадам екенін жеткізді.
-Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын тарихи қадам. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы айрықша мәнге ие. Сол себепті сіздерді референдум учаскесіне келіп, ел болашағы үшін таңдауларыңызды жасауға шақырамын, — деді коалиция мүшесі Шамшат Әбдірзақов.
Банк ұжымы коалиция мүшелеріне көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

АМЕРИКАДАН ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ

admin_mugalzhar

Қандыағаш қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 60-тан астам зейнеткер келеді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының туристік әлеуеті

admin_mugalzhar