«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Ащылысай мектебінде жаңа Конституция жобасын талқылауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.

Кездесуге аудандық коалиция жетекшісі Надежда Заглядова және коалиция мүшелері Сапарбек Аманжолов, Мейіржан Жұбан қатысып, білім ордасының қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.
Жиын барысында коалиция өкілдері жаңа Ата Заң жоьасының маңызын түсіндіріп, алдағы республикалық референдумның ел дамуы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның қоғам өміріндегі рөлі жөнінде әңгіме өрбіді.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және оның ашықтығын арттыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ әлеуметтік саланы дамыту, оның ішінде білім беру жүйесін қолдау, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Талқылау кезінде ауылдық аумақтардың дамуына қатысты маңызды мәселелер де көтерілді. Атап айтқанда, ауыл инфрақұрылымын жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік қолдауды күшейту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жайы қозғалды. Бұл бастамалардың ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы маңызы ерекше екені айтылды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Коалиция мүшелері тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын назарға алып, Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты — әр азаматтың құқықтары қорғалған, тең мүмкіндіктерге ие және әділетті қоғам қалыптастыру екенін жеткізді.
Осындай мазмұнды кездесулер қоғаммен ашық диалог орнатуға және ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған бастамаларды халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жұлдыз КЕНЖЕ,
Қарғалы ауданы.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жас журналистер мектебі ашылады

admin_mugalzhar

Қазақстанда жастар туралы жаңа заң күшіне енді

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.