Көп адам үшін теңге – күнделікті есеп-қисап құралы. Дүкенде төлейміз, жалақы аламыз, сонымен бітті. Бірақ шын мәнінде ұлттық валюта – мемлекеттің дербестігін көрсететін маңызды белгі.
Қазіргі Конституцияда ұлттық валюта туралы нақты норма болмағаны көпшілікке беймәлім. Ал жаңа Конституция жобасында бұл мәселе ашық әрі анық жазылып отыр: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге.
Бұл жай формалдылық емес. Мемлекет өзінің валютасын конституциялық деңгейде бекіткен кезде, ол экономикалық тәуелсіздігін де нақтылайды. Ақша – сенім. Ал сенім мемлекеттің өз қолында болғанда ғана тұрақтылық туралы айтуға болады.
Тағы бір маңызды тұс – теңгені шығару құқығы тек Қазақстанға тиесілі екені көрсетіледі. Яғни ешбір сыртқы күш, ешбір өзге ел біздің ақша айналымымызға араласа алмайды. Бұл да – егемендіктің бір қыры.
Кейде үлкен ұғымдар күнделікті өмірде байқалмайды. Бірақ дәл осындай нормалар елдің ұзақ мерзімді бағытын айқындайды. Ақша саясаты – тек экономика емес, ол саясат пен тәуелсіздікке де тікелей байланысты.
Жұлдыз Қожахметқызы, белсенді жас.
#Референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

