Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жаңадан тағайындалған бастығы, полковник Ардақ Кумаров Мұғалжар ауданына іссапармен келді.
Алдымен департамент бастығы аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановпен кездесті. Жиынға шақыру комиссиясының мүшелері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында көктемгі әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру, әскери есепке алу жұмыстарын жетілдіру, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және қорғаныс саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, аудан аумағында қорғаныс істері бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасу жүргізілді. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, қорғаныс саласындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бағытында нақты міндеттер белгіленді.
Департамент бастығы Ардақ Кумаров Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимаратымен танысып, ұжым қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде әскерге шақыру жұмыстарын заң талаптарына сәйкес жүргізудің маңыздылығына тоқталып, жергілікті атқарушы органдармен өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ департамент бастығы алдағы уақытта Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің ғимаратына көшіру бойынша ғимараттардың жұмыстарын қарады.
Сапар соңында Мұғалжар аудандық музейдің экспозициялық залдарын аралап көріп, ондағы құнды жәдігерлер мен өңір тарихына қатысты деректерге ерекше назар аударды.

