14 наурыз – Көрісу күнін аудан тұрғындары кеңінен атап өтті. Мұғалжар аудандық белсенді өмір сүру орталығында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ардагерлермен кездесу өтті.
Аудандық ардагерлер кеңесі мен “Асыл Дария” ансамблі шараға қолдау көрсетті. Жастар ардагерлерді мерекеменқ ұттықтап, ән айтып, жылы лебіздерін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шамшат Әбдірзақов жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ал орталық басшысы Айдана Нағашыбай белсенді өмір орталығының ұжымы мен ансамбль мүшелеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімі де мерекеге атсалысып, ұлттық киімдерін киіп, бір-бірімен төс қағыстырып көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар Ішкі істер органдарының құрметті зейнеткері Асыл Алдашеваның үйіне барып, мерекелік Алғыс хат табысетті. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қаланың орталық базарында, көшелер мен супермаркеттерде тұрғындармен көрісіп, ән мен жырдан шашу шашып, жарапазан айтып, мерекеліккөңіл-күйсыйлады. Сондай-ақ Ембі қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Көрісу күні- көңіл жылуы” атты мерекелік ша-ра өтті. Іс-шара барысында №4 мектеп оқушыларымен бірлесіп, көрісу дәстүрін дәріптейтін шағын бейнеролик түсірілді. Жастар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектер айтып, татулық пен сыйластықты насихаттады.

