«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАҢЫРАҚ — ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ БЕЛГІСІ

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай аудандық орталық кітапханасында «Family Talk: дәстүр мен диалог» атты отбасы құндылықтарына арналған ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуді мақсат еткен тағылымды шараға әр буын өкілдері – жас, орта буын және алтын той иелері қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Алғашқы құттықтау сөз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзинаға берілді. Ол өз сөзінде отбасы институтының қоғамдағы маңызына тоқталып, мұндай кездесулердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ерекше атап өтті. Ашық сұхбат алаңында жас отбасы Анарбековтер, орта буын Атаевтар және жарты ғасырдан астам бірге өмір сүрген Күлікбаевтар отбасы өз өмір жолдарынан сыр шертті. Қатысушыларды жақынырақ таныстыру мақсатында әр отбасы туралы бейнесюжеттер ұсынылды. Сұхбат барысында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, ұрпақ сабақтастығы, сондай-ақ бұрынғы және қазіргі отбасылық көзқарастардың ерекшеліктері талқыланды. Әсіресе, алтын той иелерінің өнегелі өмір тәжірибесі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Олар берік отбасының негізі – өзара құрмет, сабыр мен түсіністік екенін атап өтті. Көрермендер де белсенділік танытып, сұрақ қойып, пікір алмасты. Бұл ашық диалог алаңының мазмұнын байытып, еркін ой бөлісуге мүмкіндік берді. Шара барысында интерактивті ойындар ұйымдастырылып, жұбайлардың бір-бірін қаншалықты жақсы танитыны сыналды. «Жұбайыңды қаншалықты танисың?», «Менталды байланыс», «Махаббат эстафетасы» сынды ойындар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кештің көркемдік бөлімінде Мұғалжар аудандық өлкетану музейі жанындағы «Асыл дария» әжелер ансамблі ұлттық әндерді орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар Аслан Анарбектің гитарамен орындаған авторлық әндері мен Аққойсын Күлікбаева «Сәулем-ай» әні кештің сәнін арттырды. Тағылымды кездесудің қорытындысында ұйымдастырушылар отбасы – қоғамның негізі, ал шаңырақ – ұлттың ұйытқысы екенін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды. Алдағы күндерде «Наурызнама» онкүндігі жалғасып, ұлттық мереке ұлықталатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ӘКЕМІЗ «СОҒЫС» СӨЗІН АЙТТЫРМАЙТЫН

admin_mugalzhar

«КӨКТЕМ-2026»: ТАСҚЫНҒА ҚАРСЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ЖАСАЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДЫҢ СУ ҚОРЫ — 239,46 МЫҢ МЕТР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.