«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАТ БОЛҒАН ҚАНТТЫҢ ЖЫРЫ

Күн сайын дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік бағасы шарықтап барады. Соның ішінде халықтың күнделікті тұтынатын құмшекерінің құны еселеп артты. Мұны аптасына екі мәрте әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіп отыратын кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандары да жоққа шығармады.
Олардың айтуынша, мониторингтік топ мүшелері аудан аумағындағы дүкендерге барып, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік дүкендеріне аптасына екі рет мониторинг жүргізіп отырады. Негізгі азықтүлік бағаларының бақылау есебі күн сайын облыстық кәсіпкерлік басқармасына тапсырылып, салыстырмалы талдау жүргізіледі.
-Мониторингтік топ мүшелері Қандыағаш қаласындағы «Дана+», «Дина супермаркеті», «Айгерім», «Ырыс» азық-түлік дүкендерінің 19 түрлі әлеуметтік тауар бағасын қадағалайды. Тауар бағасы көтеріліп, шектік деңгейден асқан жағдайда облыстық басқармаға хат жазылады. Қазіргі кезге аудан бойынша құмшекер тапшылығының алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласындағы 41 разъезден көтерме бағамен 550 теңгеге 10 тонна құмшекер әкелінді. Оның 5,5 тоннасы Қандыағаш қаласындағы «Ырыс», «Ардақ», «Дана+» дүкендеріне салынды. Ал 4,5 тоннасы Ембі қаласындағы «Адсана», «Әділет», «Азия» дүкендеріне берілді. Көтерме бағамен құмшекер әкелген кәсіпкерлерге бастапқы бағаға 15 пайыздан артық үстемақы қоспаулары ескертілді, — деді кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің маманы Сәндігүл Адайбай.
Қала дүкендерінің бірінде шекердің келісі 660-680 теңгеден, кейбірінде 490 теңгеден сатылуда. Сөресінде шекері жоқ дүкендер де жоқ емес. Жалпы қант тапшылығы республика бойынша орын алып отыр. Оны министрлік те растайды. Ресми деректерге сүйенсек, елімізге 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрғақ қантты бажсыз әкелу жоспарланған.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов саяси партиялар филиалдарының басшыларымен түйткілді мәселелерді талқылады

admin_mugalzhar

Педагог-ассистент қызметі енгізілді

admin_mugalzhar

Еңбек министрлігі: 2,3 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.