«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

3 айдан кейін несие алу қиындайды

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру талаптары күшейеді. Банктер енді қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексеріп, борыш жүктемесі мен табысқа қатынасын (БЖК және ҚТК) мұқият есептейді.

Ең басты өзгеріс — ресми табысқа ерекше мән беріледі. Яғни зейнетақы аударымдары мен медициналық сақтандыру жүйесіндегі деректер ескеріледі. Ресми табысы дәлелденбеген адамдарға (конвертпен жалақы алатындар, келісімшартсыз істейтіндер) несие алу әлдеқайда қиын болады.

Бұл жаңашылдықтар халықтың артық қарызға батуын азайтып, қаржы нарығындағы тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

АТАМНЫҢ САҒЫМ ТАРТҚАН КӨРІНІСІН САҒЫНДЫМ

admin_mugalzhar

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.