«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Мұғалжар ауданы әкімдігінде Республикалық “Құқықтық дәріхана” әлеуметтік акциясы аясында тұрғындарға білікті заңгерлер мен мемлекеттік орган өкілдері тегін кеңес берді. Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өзекті мәселелер бойынша бағыт-бағдар көрсету.
Қабылдауға түрлі сала мамандары қатысты. Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов, аудан прокурорының орынбасары Қайыржан Биманов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жасұлан Утепов, көлік прокурорының орынбасары Марат Сарсенғалиев және нотариустар Әсел Миргалиева мен Бақтыгүл Казбагамбетова тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сонымен қатар №3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Бағила Орынқызы, жеке сот орындаушы Дәурен Ниязов, аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Сержан Уаисов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кәмшат Құрманалина, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлзат Калмуратова және мансап орталығының директоры Дархан Тлеукин де кеңес беруге атсалысты.
Қабылдауға келген азаматтар тарапынан түрлі әлеуметтік және құқықтық мәселелер көтерілді. Соның ішінде тұрғын үй кезегі жиі қозғалды. Мысалы, қандыағаштық көпбалалы ана 2018 жылдан бері үй кезегінде тұрғанын, қазіргі таңда кезегі 5-орынға жеткенін айтты. Алайда тұрғын үйді бөлу тәртібінің өзгеруіне байланысты “Отбасы банк” арқылы берілетін жаңа жүйеде оның бұрынғы кезегі есепке алынбай қалуы мүмкін деген алаңдаушылығын жеткізді. Мамандар бұл мәселе бойынша қолданыстағы ережелерді түсіндіріп, тұрғын үй саясаты кезең-кезеңімен жаңартылып жатқанын атап өтіп, мәселесі жан-жақты қаралуы үшін алдағы уақытта жеке қабылдауға келу ұсынылды. Жауапты мамандар тарапынан нақты түсіндірме беріліп, тиісті көмек көрсетілетіні жеткізілді.
Сондай-ақ бір жас мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігін сұраса, тағы бір түлек оқуын аяқтаған соң “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша есепші мамандығымен ауылға бару шарттарын нақтылады. Ал кәсіп бастауға ниетті жасқа мемлекеттік қолдау тетіктері, гранттар мен жеңілдетілген несиелер жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Сондай-акция барысында келген барлық азаматтарға көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтыны, алдағы уақытта тиісті сала мамандары тарапынан қажетті көмектер мен кеңестер көрсетілетіні айтылды.

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

Інжу ЖАҢАБЕРГЕН, жент жасаған жасөспірім: ӘЖЕММЕН ДАЙЫНДАҒАН ЖЕНТ БАЛ ТАТИДЫ

admin_mugalzhar

Достық пен бірлік – ел тұрақтылығының негізі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.