«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа.

Экобот іске қосылғаннан бері түскен 18 мыңнан астам өтінімнің 17 мыңы сәтті орындалды.

@TazaQazBot-тың белсенді пайдаланушылары — Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары. Статистикаға сәйкес, өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру тақырыптары төңірегінде.

Бұл платформа жолдарды жөндеу, су айдындарын тазарту және кіреберістердің санитарлық жағдайын жақсарту сынды өтінімдердің 21 санатын қамтиды.

Айта кету керек, өтінімдер сапасыз орындалған жағдайда аталмыш жүйеде шағым беруге болады. 2025 жылдың басынан бері 200-ден астам шағым тіркелді.

Еліміздің барлық тұрғындарын күнделікті өмірде кездесетін тазаланбаған қоқыстардан бастап, жарық қосылмаған аулалар, бітелген арықтарға дейінгі экологиялық проблемаларды шешу мақсатында @TazaQazBot-ты белсенді түрде пайдалануға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ұқсас ақпараттар

ҒАНИ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеге Астана қаласынан гуманитарлық көмек келді

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar