Біздің кейіпкеріміз Шарбану ЕСІРКЕПОВА туған Қайыңды ауылы – кен орындарына бай, табиғаты көркем өлке. Осындай табиғи ерекшелігі мол мекенде өсуі оның геология және геофизика саласына қызығушылығының қалыптасуына ықпал еткені анық. Табиғат пен жер қойнауына деген бала кездегі қызығушылық уақыт өте келе кәсіби таңдауға ұласып, оны осы бағытта терең білім алып, еңбек етуге жетелегендей.
Қайыңды ауылында туып-өскен Шарбану Бахытқызының білімге деген ұмтылысымен кәсіби қызығушылығы оны ерте жастан техникалық бағытқа жетеледі. Жоғары білімді Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті қабырғасында алып, геология және геофизика саласы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін иеленді. Кейін білімін жалғастырып, «Мұнай-газ және кен геофизикасы» бағыты бойынша ғылыми ізденістерін тереңдетті. Еңбек жолын 2014 жылы «ГЕОКЕН» ғылыми-өндірістік орталығында инженер-геофизик қызметінен бастаған ол қысқа уақыт ішінде өзінің кәсіби деңгейін дәлелдей білді. Жауапкершілік пен тиянақтылықтың нәтижесінде жетекші геофизик қызметіне дейін көтеріліп, бүгінде осы мекемеде ГАЖ және деректер базасы бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді.

— Менің кәсіби қызметім геофизикалық деректерді өңдеу, интерпретациялау, картографиялау және заманауи бағдарламалармен жұмыс істеуді қамтиды. ArcGIS платформасында карталар құрып, сейсмологиялық деректерді талдап, жер сілкінісі эпицентрлерін анықтау бағытында нақты жұмыстар жүргіземін. Сонымен қатар гамма-каротаж, нейтрондық гамма-каротаж, инклинометриялық зерттеулер сияқты күрделі әдістерді тәжірибеде қолданамын, – деді ол.
Шарбану Бахытқызының еңбек тәжірибесінде теңіз геофизикасы бағытындағы жобалар да ерекше орыналады. Каспийтеңізісекторындағы ірі жобаларға қатысып, теңіз түбінің батиметриялық және геофизикалық зерттеулерін жүргізуге үлес қосқан. Атап айтқанда, Қашаған кен орнындағы құбырларды тексеру жобасына қатысып, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеген. Ол тек өндірістік жобалармен шектелмей, ғылыми бағытта да белсенді. Геофизика саласы бойынша 9 ғылыми жарияланымның авторы әрі бірлескен авторы ретінде танылған. Оның ішінде халықаралық ғылыми базаларда индекстелген мақалалар мен ғылыми монографиятарауыбар. Ол бұл ғылыми мақалалармен шектелмей, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің докторантурасының грантын жеңіп алып, «Көмірсутек кен орындарын іздеуге арналған геологиялық-геофизикалық әдістерінің тиімді кешені (Оңтүстік-Маңғышлақ–Үстірт жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігі мысалында)» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, геофизика PhD докторы атанды.
—Бүгінде жастарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Ғылымға да қаржы бөлініп, кен орындарын зерттеу, барлау бойынша үлкен жобалар қолға алынып, шетелдік инвесторлар тартылуда. Елімізде әлі де аз зерттелген, зерттелуді қажет ететін кен орындары жетерлік. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміз сирек кездесетін бағалы металдар мен минералдарға өте бай. Бұл біздің экономикалық әлеуетіміздің әлі де дамуына серпін берері сөзсіз. Менің докторлық диссертациямның тақырыбы да осы аз зерттелген аймақтарға арналды. Айталық, Оңтүстік-Маңғышлақ–Үстірт жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігі. Жалпы зерттеу геофизикалық әдістерінің бірнеше түрі болады. Атап айтатын болсам, сейсмобарлау, гравибарлау, электрбарлау, магниттік барлау және т.б. Жалпы ғылыми жобамды дайындау барысындажинағанмәліметтерім мен деректерім көп болды. Оны саралап, бір жүйеге келтіру қиын болды. Бірақ осындай қиындықтармен бетпе-бет келу адамды шыңдайды. Ғылыми жобама геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ-тың «Геофизика және сейсмология» кафедрасының профессоры Ауез Абетов пен Бразилия университетінің PhD докторы, профессор Джулия Барбоза Курто жетекшілік етті. Осы жандарға айтар алғысым шексіз, – деді Шарбану Бахытқызы.
Шарбану Бахытқызының қызметінің басты ерекшеліктерінің бірі. Ол әрдайым білімін тереңдетіп, кәсіби даму үшін түрлі мемлекеттерде білім алды. Халықаралық және республикалықдеңгейдегі көптеген курстармен тағылымдамалардан өткен. Оның ішінде Түркиядағы Эрджиес университетінде өткен халықаралық тағылымдама, ArcGIS бағдарламасы бойыншакурстар, «Геоскан-401» ұшқышсыз аппаратын басқару бойынша оқыту, Matlab бағдарламасы, сейсмикалық деректерді өңдеу бағытындағы білім жетілдіру курстары бар.
— Бүгінде елімізде геофизика саласы қарқынды даму үстінде. «Жас ғалым» депаталатынмемлекет-тік бағдарлама бар. Бұл жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Сонымен бірге қазіргі таңда геофизика саласында цифрландыру бір жүйеге қойылған. Геология саласы бұрын карталарды қағазға сызу арқылы жасалса, қазір ол дамыған. Мамандар арнайы компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, цифрлық құрылғылармен жұмыс істейді. Сондай-ақ жасанды интеллекттің де мүмкін-діктері кеңінен пайдаланылуда, – деді ол.
Ол бүгінде геофизика саласында заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, өндірістік және ғылыми бағыттарды ұштастыра білген, өндірістік салада елеулі еңбек еткен білікті маман. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, заманауи талаптарға сай маман. Оның еңбек жолы – ізденіс пен табандылықтың, біліммен тәжірибенің үйлесімді көрінісі.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

