«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағашта жастарға арналған үлкен саябақ пен Жастар үйі салынатын болады

Биыл Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында Жастар үйі мен жастарға арналған үлкен саябақ салу жобасы қолға алынады. Бұл туралы кеше аудан әкімі Ербол Данағұлов «Болашағы жарқын – Мәңгілік елдің жастары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығы шыққаннан бастап жобалар, жоспарлар әзірленіп жатыр. Қандыағаш қаласында жастарға арналған үлкен саябақ пен Жастар үйі салынатын болады. Бұл екі жоба бойынша жұмыс биылғы жылы басталады. Сонымен қатар, аудандағы барлық елді мекендерде спорт алаңдары салынады. Жалпы биыл ауданда атқарылатын жұмыстың барлығы Жастар жылымен байланыстырылады», — деді аудан басшысы.

Айта кетейік, кеше Қандыағаш қаласындағы «Сұлтан» мәдени-демалыс орталығында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Болашағы жарқын- Мәңгілік елдің жастары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шаймардан Нұрымов, Дания Еспаева, Әлия Сапарова, аудан әкімі Ербол Данағұлов, Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар және жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебінің директоры, бокстан Әлем чемпионы Галиб Джафаров, ауданның белсенді жастары және Алға, Қобда, Байғанин, Ойыл жәнеТемір аудандарының жастары қатысты. Шара барысында ауданның бірқатар белсенді жастары марапатталды.

ӘнуарЕсқара

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАРҒА ОҚУ ҚҰРАЛ ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАНАРЫС — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір тұрғын көмексіз қалмайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.