«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 652 АДАМ АӘК АЛАДЫ

Осы жылдың 1-ші тоқсанында аудан аумағындағы кедейлік шегі —  42 513 теңгені, күнкөріс деңгейі 57 721 теңгені құраған. Бұл туралы Мансап орталығының мамандары айтты.
Олардың берген мәліметіне сүйенсек, осы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 121 отбасында 652 адам алған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 81 отбасыға, шартсыз ақшалай көмек 40 отбасыға тағайындалған.
Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару, — деді Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Зульфия Мурзагулова.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Конституцияны қолдау — болашаққа жауапкершілікпен қарау

admin_mugalzhar

РЕДАКЦИЯ — ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

admin_mugalzhar

ЖҰМЫССЫЗДАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar