Мен Ахмет Жұбановты көзіммен көр дім. Ол 1966 жылдың 2 мамыры болатын. Ол кезде мен Жұрын ауылындағы Құдайберген Жұбанов атындағы орта мектепте оқитынмын. Сол жылы мектепке Құдайберген Жұбановтың есімі беріліп, ауыл өмірінде ерекше бір рухани серпіліс болған кез еді. Сол жылы ұлы ғалым, композитор, дирижер Ахмет Жұбанов туған жерін аралап, елмен кез десіп, ауыл тұрғындарына арнап концерт ұйымдастырды.

Бұл біз үшін ұмытылмас күн болды. Мен жастайымнан домбыра тартуға қызығып өстім. Сабақты да жаман оқымадым. Сол кездері ауылымызға келген музыкант ғалымға пионер галстугін тағу рәсімін мектеп директоры маған сеніп тапсырды. Ол кезде Кеңес үкіметі кезінде пионер галстугін тағу — үлкен мәртебе, тәртіп пен сенімнің, ұйымға деген адалдықтың белгісі болатын. Сондықтан бұл маған берілген өте жоғары жауапкершілік әрі зор құрмет еді. Мен үшін сол сәт өмір бойы ұмытылмайтын естелік болып қалды. Сөйтіп, Ахмет Жұбановтың мойнына пионер галстугін таққан сәтім жүрегімде мәңгі сақталды. Кейін мен мәдениет училищесінде алты айлық домбыра курсын бітірдім. Алайда еңбек жолым ауыл шаруашылығына бұрылып, совхозда жұмыс істедім. Соған қарамастан, домбыраға деген сүйіспеншілігім ешқашан басылған жоқ. Қай жерде еңбек етсем де, көркемөнерпаздар оркестрін құрып, концерт қоюға белсене араластым. Маған домбыра өнерін үйреткен ұстазым — Жаңаберген Әлбетов. Оның тәрбиесін бойына сіңіріп, отбасыммен бірге шағын оркестр құрып, аудан-ауылды аралап, өнер көрсеттім. Артынан Пионерлер үйінде балаларға домбыра үйірмесінен сабақ бердім. Көркемөнерпаздар байқауларында жүлделі орындар алып жүрдік.
Бүгінде өнер жолы отбасымда да жалғасып келеді. Бір қызым Қобда ауданындағы балалар музыка мектебінің директоры болса, немерелерім Қандыағаш қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінде домбыра мен қобыз сыныптарында оқып жүр. Мен өнерді ерекше жақсы көремін. Ах мет Жұбановты шын жүректен құрмет теймін, оның шығармаларын сүйіп тың даймын. Жасым бүгінде 78-де. Бірақ Ахмет Жұбановты алғаш көрген сәтім, әсіресе пионер галстугін тағу сияқты үлкен мәртебелі оқиға — әлі күнге дейін көз алдымда сайрап тұр.
Ерғабыл ЖАРЕКЕШОВ, Қандыағаш қаласының тұрғыны.

